Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде М.Оспанов атындағы медицина университетінің ректоры ұсталды

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры – оқу орнының басқарма төрағасы Әсет Қалиев қамауға алынды. Ректор 12 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл ақпаратты растады. Қазір тергеу-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Әсет Қалиев бұған дейін Ақтөбе және Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармаларын басқарған. Ал Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры лауазымына 2022 жылы тағайындалған.