Жамбылдағы жылу жүйесі 1990 жылдан бері жөндеу көрмеген. Жылда жарылады, жұрт қыста бүрсең қағып қалады. Былтыр алты рет, биыл тоғыз жерден тесілді. Әсіресе, Жуалы аудандық ауруханасында жағдай тіпті қиын. Жылу құбыры шұрық тесік, ауыстырмаса қыстан шығалмаймыз дейді аурухана қызметкерлері. Мәселені аймақтағы тілшіміз зерделеді.
Тараз қаласының қақ ортасы қопарылып жатқанына көп болды. Құдды қазба жұмыстары жүріп жатқандай. Дәл осы секілді шаһардың басқа жерлерін де қазып тастаған. Сөйтсек, 35 жыл жөнделмеген жылу желісі ауыстырылып жатыр екен. Жергілікті билік «жедел жөндеу қажет» - деп биыл қаржысын Астанадан алдырыпты. Қаладағы 257 шақырым жылу жүйесінің 71 пайызы тозып тұр.
Дәулет ТҰРСЫНХАНОВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:
Трубалар ескірген. Кейбір жерлерінде саусақпен тесетіндей жағдай бар. Мына Аққозиев көшесінің арғы жағында жерасты сулары бар. Әсіресе сол жақтан шыққан трубалар жағдайы өте нашар.
Қала әкімдігі жылу желісінің осындай жағдайға жеткенше ай қарап отырды ма деген сауалымызға қаржы қол байлау болды дейді. Бұйырып, биыл бұл іске республикалық бюджеттен 7,1 млрд теңге бөлініпті. Қазір осы жұмыстың басында 120 жұмысшы мен 40 техника жүр.
Қайрат ИСМАИЛ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Ең негізгі желілер болғандықтан оны 600-дікке ауыстырып жатырмыз. Мұның суы өткізу қабілеттілігі жоғарылатып жатырмыз. Өйткені енді қосымша үйлер салынып жатыр микрорайондарда
Ал, Жуалы аудандық аурухана биыл қыста тоңазытқышқа айналатын түрі бар деп депутаттар дабыл қақты. Жылу құбыры тіпті дәнекерлеуге де келмейді. Пйдаланғанына 60 жылдан асқан. Қырық жамау болған құбыр қысқа дейін жөнделмесе аурухана науқас қабылдай алмайды.
Керімқұл БЕГАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:
Кейінге қалдырып 2-3 айдан кейінге қалып кететін болса оны жөндеуге келмейді. Себебі бізде Жуалы ауданында қыс ерте түседі да жөндеу жұмыстары тоқтап қалуы мүмкін.
Асылбек СЕМБЕКОВ, ЖУАЛЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ҚОЙМА МЕҢГЕРУШІСІ:
Биыл қыстан шығу шықпау қаупі бар. Шыға алмаймыз ба, егер ауыспаса қауіп болады. Любой уақытта жарылып кетуі мүмкін. Қазір түртсеңіз оны бәрі шіріп тұр. Сварочный работаға да келмейді.
Аурухана былтырға дейін орталықтандырылған жүйеден жылу алған. Қызуы мардымсыз болған соң, жеке қазандық қойылыпты. Бірақ құбыр жаңармаса, жаңа қондырғыдан қайран жоқ дейді. Ал, аудан әкімдігі облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен министірлікке дейін ескерткендерін айтады. Биыл да бұл жылу мәселесі бюджеттік нақтылауға түспек. Одан қайран болмаса демеуші іздеп көрмек.