Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте медициналық мекеме басшысы 2 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2024
  • 580

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Шымкент обаға қарсы күрес станциясы» РММ бастығы Р. Сайлаубекұлы сотталды, - деп жазды KAZINFORM.

Мәлім болғандай, аталған басшымен қатар «Отырар обаға қарсы күрес бөлімшесінің» РММ филиал бастығы Г. Абишова, сонымен қатар бас бухгалтері Ш. Зейілбекова мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, жалпы сомасы 48,4 млн теңге айыппұлға сотталды.

Олар жұмысқа орналасу үшін пара алғаны және бергені, сондай-ақ жалған іссапар шығындарын рәсімдеу жолымен 2 млн теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.