Русский Сайттың толық нұсқасы

Абай облысының 42 жастағы тұрғыны гашиш сақтағаны үшін сотталды

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2024
  • 557

2024 жылғы наурызда Семей станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында теміржол бойында есірткі заттарын сақтады деген күдікпен Абай облысының 42 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеке тінту кезінде ұсталған азаматтан жалпы салмағы 244 грамм гашиш есірткі заты табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша көлік полицейлері сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

Тергеу барысында оның өз үйінде жеке тұтыну үшін марихуана есірткі затын өсіріп, кейін оны жинап, кептіріп, ұсақтағаны анықталды.

Семей қаласының № 2 соты қаскүнемді 4 жылға бас бостандығынан айырды.