Русский Сайттың толық нұсқасы

Атыраудың қақ ортасында жүк көлігі велосипед мінген жасөспірімді қағып кетті

  • AstanaTV
  • 31 мамыр 2024
  • 946

Атыраудың қақ ортасында жүк көлігі велосипед мінген адамды қағып кетті, - деп хабарлайды Atpress.kz.

30 мамыр күні сағат 12:00 шамасында Т. Амандосов- Г.Бергалиев реттелген көше қиылысында 1967 жылы туған жүк көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп келе жатқан 2011 жылы туған велосипед жүргізушісін қағып, жол-көлік оқиғасы болды.

Салдарынан жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталуда.