Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту керек", - депутат

Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру маңызды. Өкінішке қарай, электр желісімен, жылдам интернетпен қамтамасыз етілмеген елдімекендер бар. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев "AMANAT" партиясы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі Республикалық кеңесте айтты. Жиында ауылдарға инфрақұрылым тарту мәселесі қаралды. Қазір елімізде алты мыңнан астам елдімекен бар. Биыл «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында 800-ге жуық елдімекенді қамтитын 1300 жоба іске асырылмақ. Оған бюджеттен 178 млрд теңге бөлінеді. 

Берік БЕЙСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жобаның мақсаты инфрақұрылымды жақсарту, оны аймақтық параметрлерге жеткізу арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту. Қазір тұрғындар тамақты далада ошақта жасауға мәжбүр болып отыр. Енді сондай өңірлер әлі бар. Оларға тезірек көмектеспесек болмайды.