Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, бір адам мерт болды

Алматы облысында автобус пен жүк көлігі соқтығысып,салдарынан бір адам мерт болды. Қазір оқиғаның мән жайы анықталып жатыр.Апат «Алматы-Шелек-Қорғас» автожолының 222 шақырымында болған. Алдын ала болжам бойынша, автобус жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, Mercedes Benz жүк көлігімен соқтығысуға жол берген. Жол апаты салдарынан алдыңғы орында отырған екінші жүргізуші сол жерде көз жұмды. Он бір жолаушы жарақат алған. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды деп хабарлады Полиция Департаменті.