Русский Сайттың толық нұсқасы

Қариялар мінген көлік тас жолда өртеніп кетті

  • AstanaTV
  • 01 маусым 2024
  • 2372

Алматы-Өскемен тас жолында ата мен әже мінген жеңіл көлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Полиция қызметкерлері өртеніп жатқан көлікті көріп, көмекке асыққан. Олар өрт сөндіргішті алып, қызыл жалынды сөндІруге тырысқан.

"Жанынан өтіп бара жатқан ауыр жүк көлігінің жүргізушісі көмек көрсетті. Жағдайды көріп, ол бірден тоқтап, өртті толығымен оқшаулауға көмектесті. Көлігі өртеніп кеткен ата мен әже жарақат алған жоқ, дін аман", – деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Өтіп бара жатқан жүргізушілер де шетте қалмай, қолдарынан келгенше көмектесті.