Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда өртенген үйден 84 жастағы кейуана мен баласы құтқарылды

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2024
  • 1605

Атырау облысының өрт сөндірушілері екі адамды аман алып қалды. 

Атырау қаласында жеке тұрғын үйде диван өртенді.

Құтқарушылар үйден 60 жастағы ер адам мен оның 84 жастағы анасын алып шықты.

Апаттық медицина орталығының қызметкерлері зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті. 

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.