Русский Сайттың толық нұсқасы

Үкімет басшысы «бөлінген қаржыны игере алмаған әкімдерге ақша бермеңдер» деді

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2017
  • 2750

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2 млрд теңгеден астам қаржы мақсатты жұмсалмаған. Бұл туралы Үкімет отырысында белгілі болды. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев бөлінген қаржыны игере алмаған әкімдерге ақша бермеңдер деп тапсырды. Ал сөз алып ақтала бастаған облыс басшыларын тыңдағысы да келмеді. Игерілмеген теңгелерді бюджетке қайтарамыз деген атқамінерлерге, мәселе қайтаруда емес, заң аясында жұмыс істесеңдер, сендерге ешкім тиіспейді, деді Үкімет басшысы. Тағы кім сын естігенін Айгүл Әдепбай тыңдап қайтты.

Айгүл Әдепбай, тілші:

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бүгін бірнеше әкімді сілкіп алды. Олардың бюджет теңгелерін жыл сайын игере алмайтынынан жалықты ма, әйтеуір есепті ән салғандай оқып бересіңдер деп, аймақ басшыларын тыңдауға да ниеті де болмады.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына трансферттер бойынша берілген қаржыны көптеп игермегендер Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облысының басшылары.  Таяқ жегендердің көшін 900 млн теңгені ұқсата алмаған Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин бастады. Оның ақталғанын Үкімет басшысы тыңдаудан жалығып кетті.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Спасибо, Сергей Витальевич, спасибо, Сергей Витальевич, спасибо, Сергей Витальевич.

"Жыл соңында аймақтар ақша сұраса, бермеңдер". Бақытжан Сағынтаев тиісті министрлерге осылай деп тапсырма берді. Қостанай облысының әкімі де 300 млн теңгені игере алмағандықтан, біршама сөз естіді. Шахарда индустриалды аймақ құру бойынша жоспарланған іс-шаралар да уақтылы өткізілмепті.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Исходя из двух отчетов акимов, я так понимаю, что в этом, оказывается, я виноват. Потому что меня уже об этом информировали, мне докладывали, зачем вы об этом сейчас говорите? Вот так я это понимаю. Тогда не просите деньги, если не можете осваивать! 

Солтүстік Қазақстан облысында 208 млн теңге игерілмеген. Үкімет басшысы аймақ әкімінің есебін тыңдауға құлық танытпай, үзіп тастады.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Хорошо, Ерик Хамзинович, как песню читаете. Не надо, вы только отвечайте за то, что не освоили 208 млн тенге, и ещё говорите: полгода вам надо. Год не осваивали и ещё полгода просите. Что-то я вас не понимаю.  ПСД и несвоевременное проведение мероприятий? Как можно, Бахыт Турлыханович, деньги выделять на такие проекты? Деньги получают, а потом начинают все корректировать подряд. Вы же получили замечание от Главы государства. Жестко действуйте!

Ал  қаржы министрінің журанлистер сұрағына жауабы әзір болып шықты.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

Былтырғы жылы қалай игерілді, кімде қандай проблема бар, неге игерілмеді деген анализ жасап, оның барлығын жоспарлау кезінде келесі жылы бюджеттік әкімшілерге қосымша қаражат бөлмейміз.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2016 жылы 739 млрд теңге бөлінді. 105 мыңнан астам жұмыс орыны ашылды. Ал бағдарламаның биылғы жұмыс ауқымына 387 млрд теңге қаралған.

Облыс басшыларын сынға алған Сағынтаев мырза, қысқы универсиада ойындарының нәтижесі бойынша есеп берген Алматы қаласының әкімін тыңдағанда жадырап сала берді. Бауыржан Байбек атлеттер ауылындағы барлық тұрмыстық техника мен жиһаздар Алматыдағы 500 әлеуметтік мекемеге үлестірілгенін айтты. 1748 пәтердің баспана кезегінде тұрғандарға берілетіні тағы бар.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

Бұл Алматыдағы тұрғын үй кезегін 10 пайызға қасқартады. Жұмысты наурыз мейрамына дейін тындырамыз. Ең алдымен әлеуметтік топ, яғни мүгедектер, жетімдер, көп балалылар мен бюджеттік мекеме қызметкерлері қамтылады. Үйлер 8-ден 20 жылға дейінгі аралықта сатып алу құқымен жалға беріледі. Бір шаршы метрі бір айға 1036 теңге деп есептелген. Өтініш берген 1300 адамның 430-дан астамы төлем қабілеттерін растады.

Айгүл Әдепбай, тілші:

Ал ертеңнен бастап Үкімет мүшелері аймақтарға аттанады әкімдердің есептерін тыңдауға. Осы ретте Бағытжан Сағынтаев «Нұрлы жол» бағдарламасына қарасты негізгі нысандардың құрылысымен танысыңдар деген тапсырма берді. Сосын есеп алатынын ескертті.

Айгүл ӘДЕПБАЙ