Русский Сайттың толық нұсқасы

Сириядағы жағдайды реттеу бойынша Астана жиынына қатысушы елдер белгілі болды

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2017
  • 2476

Сириядағы жағдайды реттеу бойынша Астанада өтетін жиынға қатысушы мемлекеттер  анықталды. Бұл туралы сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді. Аталған келіссөздер Елордада ақпанның 15 мен 16-сында өтеді деп жоспарланған. Министрдің сөзінше, Ресей, Иран, Түркия, Иордания мен Сирия үкіметі Астана келіссөзіне қатысатынын растады. Сондай-ақ кепіл болып отырған мемлекеттер келіссөзге АҚШ тарапын да шақырған. Алайда осы жолғы шараға АҚШ қатыса ма, жоқ па - ол жағы әзірге белгісіз. Алдын ала болжам бойынша, жиында қарулы қақтығыстарды тоқтатуды қадағалайтын оперативті топ құру жөніндегі құжаттар қаралады.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

Кепіл мемлекеттермен қатар осы мәселеге қызығушылық танытқан елдер қозғап отырған нақты сауалдар бар. Алдымен, әрине, атыс-шабысты доғаруға қатысты. Мұнда осы режимді қалай сараптауға болатыны жайлы әңгіме қозғалады. Келісімді бұзған жағдайда, бұған жол берген мемлекетке қандай санкциялар қолданылатыны да сөз болады.