Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда ер адам сот залында өзін өлтірмек болды

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2024
  • 1779

Атыраулық жігіт сот ғимаратында өзіне пышақ салған. Сотталушыға медициналық көмек көрсетіліп, кейін тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға Атырау облыстық сотының ғимаратында 31 мамыр күні сағат 12:30 шамасында болған. Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Сотталушы өз-өзіне қол жұмсауға оқталды. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотталушыға медициналық көмек көрсетілді. Содан соң тергеу изоляторына оқшауландырылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.