Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада мектеп мұғалімі әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2024
  • 2169

Қызылордада мектеп мұғалімі әріптесін өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әлеуметтік желіде қалалық мектептердің бірінде істейтін оқытушы дене шынықтыру мұғалімін өлтірді деген ақпарат тарады.

Қызылорда облыстық полиция департаменті мұны растап отыр. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сараптамалар жасалады.

«Күдікті тұтқындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ал оқу-ағарту министрлігінің ақпаратынша, оқиға мектеп аумағында емес, басқа жерде болған. Екі мұғалім де биыл 31 мамырда еңбек демалысына шыққан.