Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда қызыл шамға өтіп кеткен мас жүргізуші айыппұл арқалады

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2024
  • 2417

Павлодарда қызыл шамға өтіп кеткен жүргізу куәлігі жоқ мас жүргізуші ұсталды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар қаласындағы Назарбаев көшесінде полиция бағдаршамның қызыл жарығына өтіп бара жатқан Audi 80 маркалы автокөлікті байқады.

Полицейлер көлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру және жүргізушінің жеке басын анықтау кезінде жүргізушінің жүргізуші куәлігі болмағаны және мас күйінде рөлге отырғаны анықталды. Қазіргі уақытта жүргізуші 36 920 теңге көлемінде айыппұл салумен 20 тәулікке қамауға алынды, - делінген хабарламада.

Павлодар облысының полиция департаменті тұрғындарға егер жүргізушінің мас екендігіне күдік туындаса, ешқандай жағдайда көлікке отырмауға кеңес берді.