Елімізде Құрбан айт мерекесі биыл 17 маусым, дүйсенбіге түсіп тұр.
Ораза айттан кейін 70 күн өткенде тойланатын мұсылмандардың қасиетті мерекесі күнтізбесінде қызылмен белгіленген. Биыл қазақстандықтар 15, 16 (сенбі-жексенбі) және 17 маусымда қатарынан 3 күн демалады.
Құрбан айттың алғашқы таңында еліміздегі барлық мешітте Айт намазы оқылады. Айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы бар мұсылмандар құрбан шалуы қажет.