Русский Сайттың толық нұсқасы

"Біз бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға баса назар аудардық", - Е. Қошанов

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысты. Жиында еліміздің аталған ұйымға төрағалығы кезіндегі басымдықтарының жүзеге асу барысы туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, терроризм мен экстремизм, есірткі саудасы секілді қылмыстардың алдын алуға бағытталған бірқатар шараны атап өтті. Мәжіліс төрағасы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою мәселелері бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше мән беріліп отырғанын айтты. 

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, мүше мемлекеттердің тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау ісінде Ұйымымыздың әлеуетін дамытуға баса назар аудардық. Қазақстан Президенті – ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы бағыттарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Бұл құжат қажетті модельдік заңдар мен ұсыныстарды әзірлеу үшін біздің парламенттеріміздің де үйлесімді іс-әрекетін қамтиды.