Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда ойын алаңында бала темірге қысылып қалды

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2024
  • 1789

Павлодарда балалар ойын алаңындағы металл сақинаға басымен кірген бала ортаң белге келгенде ары қарай шыға алмай қалған. Көмекке төтеншеліктер келіп жетті.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 3 маусымда сағат 16:58-де Павлодар қаласы, Максим Горький көшесінде орналасқан балалар ойын алаңындағы металл сақинаға басымен кірген бала ортаң белге келгенде ары қарай шыға алмай қалғаны туралы төтеншеліктерге хабар келіп түсті.

"Оқыс оқиға туралы тұрғындар хабарлады. Олар алдымен баланы өз күштерімен алып шығуға тырысқан. Оқиға орнына бес құтқарушы жедел жетті. Сақина гидравликалық құралмен тістеп кеңейтіп, баланы құтқарды. Ол зардап шеккен жоқ", - делінген Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің таратқан ақпаратында.