Русский Сайттың толық нұсқасы

Африка азаматтары Қазақстаннан шығарылды

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2024
  • 2576

Африка азаматтары тағы да Қазақстаннан депортацияланды. Бұл жолы Алматы қаласынан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық ПД 2024 жылы 3 маусымда "Заңсыз" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында қаланың көші-қон қызметі Африка құрлығының үш азаматын мәжбүрлі түрде елден шығарып, Отанына қайтаруды ұйымдастырғанын хабарлады.

"Бұл шетелдіктер Қазақстанда болған кезінде халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзған. Атап айтқанда, олар заңда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпай, сот шешімімен мемлекетімізден шығару түріндегі әкімшілік жазаға тартылды", - деді, Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі Басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Геннадий Мен.