Русский Сайттың толық нұсқасы

"Медеу" биік таулы спорт кешенінің алаңында Мемлекеттік туды көтеру және Әнұранды орындау салтанатты рәсімі өтеді

  • AstanaTV
  • 04 маусым 2024
  • 1038

Алматыда ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай түрлі іс-шара, соның ішінде мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру, әнұранды орындау, автошеру, тақырыптық көрмелер, мерекелік концерт және тағы басқалары жоспарланған.

Сағат 11:00-де "Медеу" биік таулы спорт кешенінің алаңында Мемлекеттік туды көтеру және Әнұранды орындау салтанатты рәсімі өтеді.

15:00-де Әлеуметтік қызметтер үйінде қоғам қайраткерлерінің, тарихшылардың, сарапшылардың, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің және жастардың қатысуымен "Көк тудың желбірегені" тақырыбында конференция өтеді.

16:00-де "Алатау" дәстүрлі өнер театрында ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік концерт өтеді.

19:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Н. Тілендиев атындағы "Отырар сазы" академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің "Менің елім" патриоттық концерті өтеді.

Қаланың барлық ауданында мерекелік концерт өтеді:

Әуезов ауданы:

Сағат 10:00-де – Әуезов ауданы әкімі аппаратының алдында (Алтынсарин даңғ, 23) - ҚР мемлекеттік Әнұранды орындау және мемлекеттік Туды көтеру бойынша флешмоб.

10:00-де І ауысым, 15:00-ІІ ауысым "Шыңға өрлеу" әлеуметтік клубында "Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері және оның даму тарихы" тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

11:00-де – жалаушалармен безендірілген 12 машинамен автошеру. Автошеру бағыты Н. Сац атындағы жасөспірімдер театрынан басталып, одан әрі шеру Саин көшесімен Райымбек даңғылына дейін және кері қарай Саин көшесімен Жандосов көшесіне дейін жылжиды,

17:00-де – "Рәміздер-ел мәртебесі" фотокөрмесі (Мамыр-1 ы/а, 29/7).

Жетісу ауданы:

12:00-де "Кемел" мәдениет үйінде "Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері – ұлттық мақтаныш" атты дөңгелек үстел өтеді.

Алатау ауданы:

09:00-де – Алатау ауданы әкімдігінің алдындағы алаңда ҚР Әнұраны салтанатты түрде орындалады.

10:00-де ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған веложарыс - Б.Момышұлы көшесі бойымен Мөңке би көшелерінің қиылысынан "Алматы Арена" мұз айдынына дейін.