Русский Сайттың толық нұсқасы

Астананың оң жағалауында маңызды жол учаскесі жабылады

  • AstanaTV
  • 04 маусым 2024
  • 601

4-7 маусым аралығында жөндеу жұмыстарына байланысты Астанада Ж. Тәшенов көшесінен А. Бараев көшесіне дейінгі учаске толығымен жабылады, деп хабарлайды Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

"Ж. Тәшенов көшесінен А. Бараев көшесіне дейінгі учаскеде Ж. Тәшенов көшесінің жолайырығында жол төсемінің жоғарғы қабатын қайта төсеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 4-7 маусымы аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады", делінген хабарламада.