Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде бұрын болмаған жетістікке жетті

  • AstanaTV
  • 04 маусым 2024
  • 2904

Бокстан Қазақстанның бұрымдылар құрамасы Бангкокта өткен лицензиялық турнирде тарихи көрсеткішке қол жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Тарихта алғаш рет әйелдер құрамасы Олимпиадаға үш жолдама жеңіп алды. Салыстыру үшін 2016 жылғы Рио Олимпиадасына Қазақстанның бұрымылары тек екі салмақта, ал Токиода тек Надежда Рябец қана өнер көрсетті.

Ал енді Франция астанасындағы ойындарда үш боксшымыз бақ сынайды: Назым Қызайбай (50 кг), Карина Ибрагимова (57 кг) және Валентина Хальзова (75 кг).