Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордалық жастар есірткі қылмысына қарсы digital-карта іске қосты

Елордалық жастар есірткі қылмысына қарсы digital-картасын іске қосты. Былтыр Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары нақты уақыттағы есірткі қылмысын бақылау картасын құру идеясымен жүлделі орынға ие болған еді. Идеяны ESBOL QORY қолдады. Енді еліміздің кез келген тұрғыны есірткі қылмысының белгілерін Esbol.kz сайтына жүктей алады. Карта пилоттық режимде Астана қаласында қосылды. Шара «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» Жастар қанаты қолдауымен өтті. Жаңа жоба сынақтан сәтті өткеннен кейін оны барлық аймақта қолдану жоспарлануда. 

Жандос АҚТАЕВ,  ESBOL QORY-НЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Өз терезеңізден немесе пәтеріңізден бір қылмысты көріп соның фактісін тікелей құқық қорғау органдарына айтып, полицияға хабарласқыңыз келмесе, ол бойынша біздің Esbol.kz сайтына кіріп, сол жерде есірткі қылмысын тіркесеңіз болады. Сол арқылы біздің қорымыздың қызметкерлері өздері құүқық қорғау органдарымен бірге жұмыс істей отыра осының алдын алумен айналысады.