Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жастарға үй беру мәселесін мемлекеттік арнайы бір орган бақылауы тиіс",-Н.Сәрсенғалиев

"Жастарға үй беру мәселесін мемлекеттік арнайы бір орган бақылауы тиіс".Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев «AMANAT» партиясы жанындағы Республикалық Жастарды қолдау кеңесінде осылай деді. Себебі жастарға берілген пәтерлер бойынша заңсыздықтар жиілеген. Алматының өзінде тұтастай бір көпқабатты тұрғын үй жалға алушыларға беріліп кеткен. Жастар алған үйін пайда көзіне айналдырған. 

Нартай СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бекіткен арнайы министрлік,бөлген қала басшылығы ал тексеруге келгенде жергілікті әкімдік қана тексеру керек дейміз болды. Демек менің айтып отырғаным беретін де, қабылдайтын да ұсынысты, тексеретін де бір мемлекеттік орган болу керек. Напқтылы өзінің жұмысына жауапты болу керек. Мынау кез-келген шешімге байланысты 10 түрлі тарап жауап беретін болса, бүгінгідей жұмыстың ешқандай нәтижесі болмайтынына біздің көзіміз жетіп отыр.