Русский Сайттың толық нұсқасы

Орман қорғау саласындағы кадрлар мен техника тапшылығы мәселесін қысқа мерзімде шешу қажет

Орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын арттыру, ұшқышсыз ұшатын аппараттар сатып алу, кадр тапшылығын жою. Бұл мәселелер «AMANAT» партиялық бақылау комитетінің отырысында талқыланды. Сондай-ақ орман шаруашылығын техникамен жабдықтау мәселесі көтерілді. Қазір 275 өрт сөндіру машинасы бар. Алайда оның 72%-ның тозығы жеткен және есептен шығарылуы тиіс. Проблемаларды шешу үшін біршама ұсынымдар қабылданды. Сонымен қатар орман өрттері туындаған жағдайда республикалық штабты уақтылы құрудың маңыздылығына ерекше назар аударылады. 

Ерлан НЫСАНБАЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:

Орман өртін сөндіру станциясының саны стандарт бойынша 729 болуы тиіс. Бізде бары – 254, олардың басым бөлігі өткен ғасырдың 60-70-ші жылдарында салынған. Орман өртін сөндіру станцияларында 1145 бірлік техника бар, олардың жартысы жарамсыз. Сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараттарының жетіспеушілігі аэровизуалды тексеруге мүмкіндік бермейді. Мысалы, «Семей орманы» табиғи резерватында бірде-бір ҰҰА жоқ»,

Павел КАЗАНЦЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Республикалық деңгейде штаб қазірдің өзінде болуы тиіс, ол қажет болған жағдайда 1-2 сағаттың ішінде команданы жұмылдыруы тиіс. Себебі стандартты режимдегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл әрдайым сұрақтар туғызады. Су тасқыны туындаған кезде Президент дұрыс шешім қабылдады, төтенше өкілеттіктері бар штаб құрылды. Осылайша қазір де өртке қарсы жұмыстар бойынша төтенше штаб құру қажет. Мемлекет басшысының нұсқауларын күтудің қажеті жоқ»