Русский Сайттың толық нұсқасы

Жеке сот орындаушысы жарты миллионнан аса қаражатты иемденіп алған

  • AstanaTV
  • 04 маусым 2024
  • 640

Жеке сот орындаушысы жарты миллионнан астам қаражатты иемденген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі прокуратураға сілтеме жасап.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуратурасы жеке сот орындаушысының берешекті өтеуге арналған 556 953 теңгені иемдену дерегі бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады.

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы сотының шешімімен борышкер "С" өндіріп алушы "Б"-ға 1 275 000 теңге қаражатын өндіріп беруге міндетті болған.

Белгіленген қаражат борышкердің айлық жалақысынан ай сайын өндіріліп, жеке сот орындаушысының есеп шотына аударылып отырған.

Ол өз кезегінде қаражаттарды өз қажеттілігіне жаратқан.

Қылмыстық кодекстің 251-бабының 1-бөлігімен (Жекеше нотариустардың, бағалаушылардың, жеке сот орындаушыларының, медиаторлардың және аудиторлық ұйым құрамында жұмыс iстейтiн аудиторлардың өкiлеттiктердi терiс пайдалануы) басталған соталды тергеп-тексеру 15.05.2024ж. тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.

Жосықсыз жеке сот орындаушысы Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының мүшелігінен шығарылды.