Альп Эр Тунга Эрсой Алматы әуежайының басшысы қызметінен кетеді, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.
"Жоспарланғандай, Альп Эр Тунга Эрсой жаңа халықаралық әуежай терминалының құрылысы аяқталғаннан кейін Алматы халықаралық әуежайының президенті қызметінен кетеді. Ол өзінің мансабын осы саладағы жаңа рөлде жалғастырады. Басшылықты ауыстыру туралы ресми хабарландыру 5 маусымда жасалады", - деп хабарлады Алматы әуежайынан.