Синоптиктер Қазақстанның кей өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлытау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Қарағанды облысының шығысында, орталығында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыста 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының түнде батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, облыстың батысында, шығысына бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.