Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркияда орман өртінен мыңдаған адам эвакуацияланды

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2024
  • 436

Түркияда орман алқаптары өртеніп жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Ыстық пен желдің екпіні одан сайын лаулатқан от бірнеше мың шақырымды шарпып үлгерген.

Анталья, Адана, Мерсин, Кахраманмараш провинцияларын қоса алғанда, 30-дан астам өрт ошағы тіркелді. Әсіресе, солтүстік-батыс және оңтүстік аймақтар қатты зиян шеккен. Мұнда мыңдаған адам эвакуацияланды. Өртті сөндіруге жүздеген техника, ұшақ, тікұшақтар мен 400-ге жуық бригада жұмылдырылды. Мамандар қызыл жалынның өршуін климаттық өзгеріспен байланыстырады. Айта кетейік, осыдан 3 жыл бұрын ел тарихында ең ауқымды орман өрті тіркелген еді.