Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада белгісіз біреу үш оқушыны пышақтап тастады

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2024
  • 751

5 маусымға қараған түні Қызылорда қаласындағы Момышұлы көшесінде орналасқан мектептің жанында белгісіз адам үш жасөспірімді пышақтап, қашып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тоғызыншы сыныптың 3 оқушысы пышақ жарақатын алған, үшеуінің де аяғы жараланған. Ауруханада оларға алғашқы көмек көрсетіліп, үшеуі де үйлеріне жіберілді.

Қызылорда облысының ПД болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп жауап берді полиция.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды.