Русский Сайттың толық нұсқасы

Мектепте он жастағы оқушы жұмбақ жағдайда қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2024
  • 445

Он жастағы оқушы мектепке сау кетіп, өлі күйінде оралды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Өзге де жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқи аласыз.

Жаға ұстатарлық жағдай Алматы іргесіндегі Қошмамбет ауылында болған.

Мектепке ауырмай кеткен, бойында дерті болмаған жасөспірімнің неден қайтыс болғаны жұмбақ күйінде қалған.

Сабақ үстінде "ішім ауырды" деп құлаған қыз сәлден кейін есін жоғалтқан соң жан тапсырған. Мектеп әкімшілігі қыздың өліміне себепкер деп жедел жәрдемді кінәлайды.

"Апайы хабарласты. "Тез жетпесеңіз болмайды" деді. Не болды деп едім, Мөлдір ұстамасы ұстап, құлап қалды" деді", - дейді марқұм Мөлдірдің апасы Гүлбахар Далдабайқызы.

Он жастағы қыздың отбасы ақша мен көмектен бас тартып отыр. Олардың айтуынша, кінәлілер жазаланса болғаны.