Русский Сайттың толық нұсқасы

Төтенше жағдайлар министрлігі үндеу жасады

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2024
  • 664

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады. 

Министрлік ата-аналарға төмендегі жағдайларды ескертті:

Балаларды суға жібермеңіздер және оларды қараусыз қалдырмаңыздар;

Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығы мен қауіпсіздігіне сақ болыңыздар.

Шомылуға тыйым салынған жерлерге бармаңыздар;

Тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды;

Қызу күйде суға түспеңіз;

Су көліктеріне жақын жүзбеңіз.

"Осы шараларды қолдана отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтай аласыз", - делінген ТЖД таратқан ресми ақпаратта.