Русский Сайттың толық нұсқасы

"Креативті индустрияны дамыту үшін институционалдық негіз қалыптасты",-М.Әшімбаев

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палатаның бір топ депутатымен бірге QazaqSham форумына қатысты. Онда Палата Спикері креативті индустрия саласындағы жаңа жобалармен танысты. Елімізде креативті индустрия қарқынды дамып келе жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен саланы дамыту үшін институционалдық негіз қалыптасты. Мәдениет және ақпарат министрлігінде арнайы департамент құрылды. Шара барысында қатысушылар креативті индустрияны тиімді дамытуға тиісті жағдай қажет екенін айтып, өз ұсыныстарын жеткізді. Олардың қатарында құқықтық база қалыптастыру, саланы мемлекеттік қолдау, өнімдерді коммерцияландыруға жәрдемдесу, өңірлерде креативті жобаларды дамыту сияқты тың бастамалар бар. 

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазақ тіліндегі сапалы контент жасау. Оны тарату, жастарды осы контенттің аясында тәрбиелеу. Бұл үлкен стратегиялық мәні бар. Бұл ұлттық кодты сақтау үшін, тілімізді сақтап қалу үшін ұлттық бірегейлігімізді әрі қарай ұстап тұру үшін. Сондай-ақ елі туралы, тарихы туралы аұпарат әлемдік деңгейде тарату үшін. Жалпы осындай ұлт болып қалуымыздың негізгі шарты.