Русский Сайттың толық нұсқасы

"Әділетті Қа­зақстан" ұлтты ұйыстыратын идея­ға ай­налды",- Ерлан Қарин

"Әділетті Қазақстан – бәзбіреулер айтып жүргендей, биліктің ойлап тапқан жасанды идея­сы емес, Президенттің стратегиялық бағдарының идеялық негізі. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ең негізгі миссиясы – Әділетті Қазақстанды құру екенін үнемі айтып жүр." Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Egemen Qazaqstan газетінде шыққан мақаласында осылай деп пікір білдірді. Саяси бағдарымыздың негіздеріне тоқталып, оның қалай іске асып жатқаны туралы жазды. 

Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанған саяси бағдары құқықтар мен міндеттерді теңдей бөліп қарайтын әрі «Әділдік» ұстанымына негізделген «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасына арқа сүйейтінін атап өткен. Сондай-ақ «Әділдік» қағидатын дәл осылай түсіндіру елімізде кешенді түрде жүргізіліп жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени реформаларға ортақ тақырып екенін жеткізеді. Бұдан бөлек, ол соңғы бес жылда қалыптасқан саяси бағдардың тұжырымдамалық негізіне және оның құрамдас бөліктеріне тоқталды. Ерлан Қариннің пікірінше, жаңа құндылықтар жүйесін ұстану ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Әділдік идеясы қоғамның сұра­нысына да, мемлекеттің ұстанымына да сай келеді. Яғни «Әділетті Қа­зақстан» ұлтты ұйыстыратын идея­ға ай­налды. Осы орайда, «әділдік» және «әділетті мемлекет» деген терминдердің мән-мағынасын нақ­ты­лай кеткен жөн. Әділдік де­ге­німіз – бәрін бір қалыпқа салып, теңестіру емес. Әділдік – ең алдымен, құқықтар мен міндеттерді бәріне бірдей бөлу деген сөз. «Әділдік» ұғымын дәл осылай ұғынып, түйсіну қажет. Ол барлық реформаның өн бойында тұр.

Ерлан Қарин мақалада өткенге оралмайтын өзгерістерді де атап көрсеткен. Кейбір диван батырлардың "Реформалар нәтижесі қайда?, Жаңа Қазақстанның түрі осы ма?",-деген сауалына да жауап берген.

Ерлан ҚАРИН,ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Біріншіден, өзгерістер әп-сәтте жасала қоймайды. Реформаларды жүзеге асыру үшін орасан зор күш-жігер, қисапсыз уақыт қажет. Мәселенің мән-жайын білмейтін адамға бұл үдеріс тым ұзаққа созылып бара жатқан секілді көрінуі мүмкін. Дегенмен өзгерістер бар. Кез келген реформа – қажырлы еңбекті талап ететін аса күрделі жұмыс. Кім не десе о десін, Қазақстан реформалар жолымен сенімді қадам басып келеді.

Сарапшы Дулат Өтеғали әдетте саяси реформаларға ұзақ уақыт қажет екенін айтады. Ал елдегі өзгерістер қысқа уақыттың ішінде нәтиже беріп отыр дейді. Соңғы бес жылдың өзінде кішігірім өзгерістер емес, керісінше, көптеген салада түбегейлі әрі жүйелі бетбұрыс жасалды .

Дулат ӨТЕҒАЛИ, САРАПШЫ:

Мәселен бізде сайлау жүйесінде көптеген өзгерістер енгізілді. Жергілікті деңгейде біз алып қарайтын болсақ 2019-2022 жылдары аралығындағы реформалар нәтижесінде бізде тұңғыш рет ауыл әкімдерін тікелей сайлау енгізілді.

Депутат Жұлдыз Сүлейменова да елімізде сәтті жүзеге асырылған жоба көп екенін айтады. Барлық салада өзгеріс бар. Соның бірі -Ұлттық қор балаларға жобасы.

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АМАNАТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ұлттық қор балаларға деп аталатын заң қабылданды. Бізде халқымыздың саны 20 миллионға жеткен кезде. Бұның барлығы осы тереторияның байлығы мынау өсіп келе жатқан ұрпаққа инвестиция ретінде берілетіндігі заңмен бекітілді. Бұл да әділеттіліктің негізгі принципі.

Ұлттық құрылтайдағы бастамаларды жүзеге асыру үшін де 40 тармақ­тан тұратын кешенді жоспар бекітілді. Соның аясында жыл соңына дейін 9 заң қабылдау жоспарланған. Қазірдің өзінде оның үшеуін Парламент мақұлдап, Президент қол қойды. Жақында «Заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жос­пар» бекітіледі. Сондай-ақ басқа да тұжырымдамалық құжаттар әзірлеп, нақты жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру қарастырылған.