Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада Қабанбай батыр даңғылының тағы бір бөлігі жабылады

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2024
  • 715

Қабанбай батыр даңғылы бойынша Хусейн Бен Талал көшесінен Жұлдыз айналымына дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы "Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" МММ хабарлады.

Басқармадағылар осыған байланысты, ағымдағы жылдың 5 маусымы сағат 21:00-ден бастап 6 маусымы сағат 21:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатынын нақтылайды. 

Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша жүзеге асырылатын болады.

"Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 6 маусымы сағат 21:00-ден бастап 9 маусымы сағат 6:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толық жабылатыны туралы хабарлаймыз. Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", делінген хабарламада.