Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда төбелес болды

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2024
  • 585

Ақтауда 13-шағынауданда орналасқан медициналық колледж маңында бір топ жігіт төбелескен. Бұл оқиғаға Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды lada.kz.

Кадрларға қарағанда, алғашында төбелес екі жігіттің арасында өршіген. Алайда көп ұзамай жанында тұрғандар да төбелескен.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төбелеске қатысушылар ұсталып, Ақтау полиция басқармасына жеткізілді. Тергеу жалғасып жатыр", - деді ведомство өкілі.