Қостанайда
аумағын ақ ұлпадан тазартпаған мекемелер мен кәсіпорындарға әкімшілік
айыппұл салынып жатыр. Шаһар билігі мен жергілікті полиция кезекті рейдтік шара өткізіп,
ауласындағы қары күрелмеген бірқатар
нысандарды анықтады.
Биыл
қар қалың, көктемде су тасқыны болады деген болжам бар. Қауіптің алдын алу үшін
ерте қамданып, қала ішіндегі қарды шығаруға тырысып жатырмыз, - дейді
шенеінуктер. Осыған дейін 550 мыңнан
астам текше метр ақ ұлпа шаһар шетіне
шығарылған. Арнайы құрылған топ қаладағы банк филиалдарын аралап, ғимарат маңайын қардан тазартуды
талап етті. Қаржы ұйымының өкілдеріне ескерту жасалып, үш күн берілді. Осы уақыт аралығында айналасындағы ақ ұлпаны сыртқа шығармаған
заңды тұлғаларға 30 айлық есептік
көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Айта кетейік, мұндай ескертуді елемеген
24 қостанайлық кәсіпкер бір жарым
миллион теңгеден астам айыппұл төлеген.
Заңғар САНАЙ