Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда TikTok бұғаттала ма?

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2024
  • 539

Мәдениет және ақпарат Вице-министрі Қанат Ысқақов сенатта TikTok-тың Қазақстандағы жұмысына тосқауыл қоятынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан TikTok әлеуметтік желісін бұғаттауды жоспарламайды. Дегенмен, кейбір шектеулер енгізілуі мүмкін.

"Қазіргі уақытта бұғаттау мәселесі күн тәртібінде жоқ. Бірақ заңнаманы сақтау жөніндегі талаптар орындалмаған жағдайда, оның ішінде қолжетімділікті шектеуге байланысты шаралар көзделген",-деді Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов.