Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада өрттен зардап шеккендер көмекке мұқтаж

  • AstanaTV
  • 15 ақпан 2017
  • 3085

Астана іргесіндегі Қараөткел ауылының тұрғындары көмекке мұқтаж. Өрттің кесірінен екі қабатты тұрғын үйдегі төрт отбасы бір-ақ күнде далада қалды. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. Алайда дүние мүлкі мен құжаттарынан айырылған тұрғындар енді қайда барарын білмей дал. Қызыл жалын шамамен 200 шаршы метр аумақты шарпыған. Алдын ала болжам бойынша, өртке электр тогының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

Көршібай Әшірбеков, Қараөткел ауылының тұрғыны:

Мына аяқ астынан өрт шықты. Бір сағатқа жеткен жоқ лезде жанып кетті. Балаларды құтқардық, көршінің балаларын. Далада жүрміз енді безіп көрінген жерде. Қай жер жылы сол жерге немерелерді отырғызып қойдық. Киімдері жоқ ештеңе алып шыға алмадық. Құжаттар жанып кетті. 

Қақаған қыста далада қалған тұрғындарға әкімдік уақытша баспана бөлген. Алайда бір айдан соң ол үйді босатулары тиіс.

Айнагүл Көңбайқызы, Қараөткел ауылдық округінің әкімі:

Мемлекет тарапынан 30 есептік айлық көрсеткіш бойынша бір реттік көмек беріледі. Оған кеше үшеуі құжаттарын тапсырды. Үй мәселесі жалпы біздің «Қараөткел» ауылдық округінде апаттан зардап шеккен адамдарға беретін резервте баспаналар жоқ, біріншіден. Екіншіден, табиғи апат жағдайында біз қарастырамыз.