Русский Сайттың толық нұсқасы

Билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу - дер кезінде қабылданған шара

  • AstanaTV
  • 15 ақпан 2017
  • 2491

Елбасының «билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу бастамасы» - дер кезінде қабылданған шара. «Нұр Отан» партиясы саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығында бас қосқан халықаралық сарапшылар мен саясаттанушылар осылай деді. Олардың пікірінше, бұл билік пен бұқараның арасын бұрынғыдан да жақындатып, парламентің саяси аренадағы рөлін арттырады. Осылайша конституциялық реформа Қазақстанның болашағына оң ықпал етеді, - дейді бакулік сарапшы Тофик Аббасов.


Тофик Аббасов, Баку Халықаралық мультикультурализм орталығының кеңесшісі:

Қазақстан - геосаяси және геоэкономикалық тұрғыда сенімге ие болған мемлекет. Президенттің бұл шешімі дер кезінде қабылданған, қазақ елін жетістікке жетелейтін тағы бір нақты қадам екеніне сенімдімін.

Аталған шара конституциялық өзгерістерді жан-жақты зерттеп, қоғамдық талқылауға шығарып, тың ұсыныстар әзірлеу мақсатында ұйымдастырылған. Конституциялық реформаның бір айлық талқылауында сарапшылардың сан салалы пікірі жұмыстың жүйелі жүруіне жаңа бағыттар көрсетті.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ