Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда халық ақыны Қонысбай Әбілдің туғанына 70 жыл толуына орай республикалық ақындар айтысы өтті

Қостанайда Қонысбай Әбілдің 70 жылдық мерейтойына арналған републикалық ақындар айтысы өтті. Сүбелі сөз додасына елге есімі танымал айтыскерлер қатысты. Айтыс аламанына Алматыдан Рүстем Қайыртайұлы мен Шұғайып Сезімхан, Сыр өңірінен Мұхтар Ниязов, Семейден Әсем Ережеқызы, Жамбылдан Мұхтар Қоңарбаев, Түркістаннан Аян Ниязбек, Ақтөбе өлкесінен Нұрбол Жауынбаев, Қызылжардан Жарқын Жұпархан қатысты. Ал Тобыл-Торғай намысын алашқа аты мәшһүр ақтаңгер Айбек Қалиев бастаған, Батырлан Сағынтаев, Салтанат Өтелбаева, Ғалымгерей Кенжеғозин сынды жыр жүйріктері қорғады. Бұл айтыстың ерекшелігі — негізгі тақырыптың сыртында, әр жұпқа берілген жеке тақырыптар да өрелі өлең-жырға арқау болды. Жүлде қоры — 9 миллион теңге. Бас жүлдегер қанжығасына 3 миллион теңге байлады. Қалған жүлделі орындардың да қаражаты қомақты. Тобыл төрінде өткен жыр-өлең мерекесіне жиналған өнерсүйер қауымның қарасы қалың болды. Мың адамдық көрермен залы лық толды. 

Айбек ҚАЛИЕВ, АЙТЫСКЕР АҚЫН:
Айтыс өнерінде біздің Тобыл-Торғай өңірінің алатын орны ерекше.Соңғы үш халық ақынының екеуі біздің өлкемізден шыққан.Ол Әсия апамыз бен Қонысбай ағамыз.Сондықтан да жырдың көші біздің өлкеге келіп дүбірлі сайыс болып жатыр.