IT саласының мамандарына сұраныс жоғары. Цифрлық сауаттылық артқалы бұл мамандыққа нарықта орын жеткілікті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы елімізде кем дегенде 100 мың білікті маман даярлауды міндеттеген болатын. Жаңа заманауи кәсіпке жастардың қызығушылығы қалай? АйТи саласында еңбек ететіндер қанша жалақы алады? Тілшіміз анықтап көрді.
Асқар Тілеуберді -IT маманы. Ол арнайы программалар жасайды. Айтуынша, сұраныс жоғары. Ал табыс біліктілігіңе қарай дейді.
Асқар ТІЛІЕУБЕРДІ, IT МАМАНЫ:
Алматы қаласында IT саласы бойынша жұмыс істеп жатырмын фриланста. В оснавном сайттар жазамын. Одан бөлек ойындар. Жалақысы әрине көңілден шығады. Әрине ол адамға байланысты. Сен тек базаны ғана білсең 150-200 мыңнан аспайды. Егер сен ерекше программист болсаң сенің бір миллион, екі миллионға жетуі мүмкін.
Сарапшылардың айтуынша, елімізде IT мамандарына сұраныс жоғары. Сондықтан жоғары оқу орнында білім алып жатқан студенттер, универсиеттің білімімен шектелмей жан-жақты дамып отыруы қажет.
Ғасыр ҚҰРАЛБАЙҰЛЫ, САРАПШЫ:
Қазақстанда IT Саласы бойынша жұмыс табу мүмкіндігі жоғары. Компаниялар жас мамандарды жұмысқа қабылдауға дайын. Жалпы IT саласының жалақысы әдеттегідей жұмыс өтіліне сол бағдарламаны жетік білуіне компанияның әл-ауқатына байланысты болады. Көптеген елдердің IT саласының жалақысы сол елдегі орташа жалақыдан жоғары келеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технология бағыты бойынша былтыр бакалавриатта 1 154 студент білім алған. Ал магистратурада мың жарымға жуық жас оқып жатыр. Сондай-ақ докторантурада 138 адам білімін жетілдіруде.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерегінше, былтыр IT мамандығына 10 мыңнан астам грант бөлінген. Сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына 539 білім беру бағдарламасы енгізілді.