Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана Венецияға айналды

Астана Венецияға айналды. Көліктер суда жүзіп жүр. Толассыз жауын тұрғындарды әбігерге салды. Жаңбыр жауса көше бірден көлге айналады. Неге? Дәрібек Бахытбек жауаптылардан сұрады.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Сәл жауын жауса көшелер әп-сәтте көлге айналады. Малмандай су болмас үшін аяқ киімімді шешіп алдым. Басқа амалым болмады. Өйткені су тобықтан асып тұр. Көліктер кеме секілді жүзіп жүр. Жаңбыр аздай үстімізге шалшық суды шашыратып өтуде.

Су кешіп әбігерге түсіп жүрген мен ғана емес. Астаналықтардың дені тізеден су кешті. Әбден әбігерге түсті.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Конолизациялар фантан болып жатыр. Басқа жоқ. Ана жақ бәрі затапела. Жұмысқа кешігіп жатқан соң өтуге тура келді.
- Аяғымның бәрі су болды. Ары бері жүретін жол жоқ. Амалсыз су кешіп жатырмыз.
- Көшенін барлығы су. Мен жұмысқа бара алмай мінекей айналып жүрмін бүкіл қаланы. Перекюлстан өту не возможна. Масқара ғой мынау.

Әкімдіктің ақпаратына сүйенсек, қалада 18 нөсер кәріз жүйесі бар. Алайда ағын судың бетін толық қайтара алмайды.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ:

Жауын-шашынның мол жаууына байланысты бірқатар көшеде су жиналады. Қазіргі уақытта қала бойынша жаңбыр суын сору үшін 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Барлық коммуналдық қызмет жергілікті орындарда жұмыс істеп жатыр.

Жауған жауын жердің ырысы болама десек, халықтың әбден тынышын алды. Астана Венецияға айналып кетпесе жарар еді.