Русский Сайттың толық нұсқасы

Мектептерге вейп алып кіруге тыйым салынады

  • AstanaTV
  • 07 маусым 2024
  • 462

Оқу-ағарту министрлігі мектептерге кіргізуге тыйым салынған заттардың тізімін толықтырды.

Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған.

Оған сәйкес, білім беру ұйымдарына және олардың аумағына енгізуге тыйым салынған заттар мен заттардың тізбесі электрондық тұтыну жүйелері (вейптер) және электрондық тұтыну жүйелеріне (вейптерге) арналған хош иістендіргіштермен толықтырылды. Яғни вейптерді енді мектепке алып кіруге болмайды.

Бұйрық 2024 жылғы 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында президент вейптерді сатуға және таратуға тыйым салатын заңға қол қойған еді.