Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде 13 жастағы ерекше баланы іздеуге тікұшақ жұмылдырылды

  • AstanaTV
  • 07 маусым 2024
  • 1124

Ақтөбеде 13 жастағы ерекше бала әлі табылмай жатыр. Оны іздеу үшін Қазавиақұтқару тікұшағы көтерілді.

4 маусым күні Ақтөбе қаласындағы Заречный-1 тұрғын алабында орналасқан үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған Кәрім Жетіру әлі табылмай жатыр. Полиция оны судан да, өзен бойындағы ағаш арасынан да, көпір астынан да іздеді. Қалаға фотосын іліп, ақпаратын таратты.

- Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жоғалған жеткіншекті әуеден барлай отырып іздеуді бастады. Ақтөбе облыстық ТЖД гарнизонынан құтқарушылар, Кинология қызметі іздеу жұмысына жұмылдырылған, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде баланы іздеуге 500-ге жуық адам жұмылдырылды. Оның ішінде полиция, еріктілер бар.

- Қызметтік иттер және 40 бірлік техника, 3 квадроцикл, 2 қайық, 4 атты полиция, ұшу аппараттары пайдаланылып жатыр. Полицияға жүгінген сәттен бастап үйлердің шатырлары мен аулалары, кәріз құдықтары, шұңқырлар, дала, оның ішінде орман алқаптары тексерілді. Сонымен қатар, бағдарлауды көрсете отырып, қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер мен сауда орталықтары тексеріліп жатыр, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.