Русский Сайттың толық нұсқасы

Семейдегі аспалы көпірде мопедист аударылып кетіп, одан кейінгі үш көлік соқтығысқан

  • AstanaTV
  • 08 маусым 2024
  • 1037

31 жастағы мопед жүргізушісі аспалы көпірмен сол жағалау бағытында келе жатып, рөлді басқара алмай, аударылып қалған.

Мопедтің артында келе жатқан MAZDA көлік құралының жүргізушісі төңкерілген мотокөлік пен оның жүргізушісіне соқтығысудан аулақ болу үшін бірден тежегішін басқан. Салдарынан одан кейінгі көліктер бір-біріне соқтығысады.

ЖКО қатысушылары 3 көлік құралы болды.

Үш адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиға орнында патрульдік полиция экипажы бар.