Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда үйге қамалып қалған егіздер құтқарылды

  • AstanaTV
  • 08 маусым 2024
  • 1889

Павлодарда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде абайсызда қамалып қалған екі бүлдіршінді құтқарушылар құтқарып алды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті. 

«Павлодар қаласының көпқабатты тұрғын үйлерінің бірінде 3-ші қабаттағы пәтерде ата-анасының қарауынсыз қалған 2021 ж. т. егіздер темір кіреберіс есігін жауып алып, өз бетінше аша алмаған», — делінген хабарламада. 

Оқиға орнына келген құтқарушылар үш иінді баспалдақтың көмегімен пәтерге терезе арқылы кірді. Кейіннен балалар ата-анасымен табысты. Медициналық көмек қажет болмай шықты.