Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада бренд сөмкес ұрлаған Қырғызстан азаматшасы ұсталды

  • AstanaTV
  • 08 маусым 2024
  • 2121

Астанада бөтеннің бренд сөмкесін ұрлаған Қырғызстан азаматшасы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Полицияға елорда тұрғыны хабарласып, ойын алаңынан белгісіз біреу оның 200 мың теңге тұратын брендті сөмкесін ұрлап әкеткенін айтып арызданған.

"Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында "Сарыарқа" ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 66 жастағы Қырғызстан республикасының азаматшасын анықтады.

Тергеу барысында, әйелдің оң жақ жағалауда орналасқан саябақтағы ойын алаңына келгені белгілі болды.