Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында 80-нен астам шетелдік заңсыз жұмыс істеген

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2024
  • 1026

Павлодар облысында «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық шарасы аясында полиция қызметкерлерінің рейдтері жүріп жатыр. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, еңбек мигранттарын пайдалануға тыйым салынғанына қарамастан, жосықсыз жұмыс берушілердің көші-қон заңнамасын бұзуы жиілеп жатыр.

Төрт күн ішінде «Заңсыз келуші» ЖПШ заңсыз еңбек еткені үшін 81 шетелдік пен 23 жұмыс беруші анықталды.

Мысалы, Павлодар қаласындағы тұрғын үйдің бір құрылыс объектісінде жұмыс істеу барысында Өзбекстан Республикасының 11 азаматы анықталып, ұсталды, олар рұқсат құжаттарынсыз елордалық құрылыс ЖШС-нің бірінің әрлеушісі ретінде заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырды.

Осы факті бойынша ҚР Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жолданды.

«Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасының төрт азаматы ұсталды, олар уәкілетті органның рұқсатынсыз қалалық ЖК-нің бірінде жұмысшы ретінде заңсыз еңбек еткен.

Қазіргі уақытта дара кәсіпкерге қатысты ҚР Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік хаттама толтырылды.

Өзбекстан Республикасының үш азаматына 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды және біреуіне елден шығару түрінде жаза қолданылды.

Жалпы, іс-шараның 4 күні ішінде Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 191 шетелдік анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің келгені туралы хабарламағаны үшін 73 қабылдаушы жауапқа тартылды», - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.

Соттарға 136 материал жіберілді, оның ішінде әкімшілік материалдар – 134, қарау нәтижелері бойынша ТМД-ның 20 азаматына қатысты оларды елден шығару туралы шешім қабылданды. 32 шетелдіктің болу мерзімі қысқартылды, деп қорытындылады ведомство.