Израиль армиясы мен полиция операциясы Газа секторындағы Нусейрат лагеріндегі екі аймақта жүргізілді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Құтқарылғандар – 26 жастағы Ноа Аргамани, Ресей және Израиль азаматтығын алған 27 жастағы Андрей Козлов; 22 жастағы Алмог Меир Ян және 41 жастағы Шломи Зив.
Төртеуі де 7 қазанда Израильдің оңтүстігінде Nova музыкалық фестивалі кезінде ХАМАС мүшелерінің қолына түскен.
Билік төртеуінің де жағдайы жақсы екенін, арасында Ноа Аргамани отбасымен кездесіп үлгергенін мәлімдеді.
Айта кетейік, жуырда Израиль әскері Рафах қаласындағы босқындар лагеріне шабуыл жасап, салдарынан ондаған адам қаза болған.