Индонезияда жоғалып кеткен әйелдің денесі бес метрлік питонның ішінен табылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Төрт баланың анасы Фарида өзінің Калемпанг ауылынан көрші ауылға азық-түлік сатуға кеткен. Алайда, сол кеткеннен қайтып оралмаған, олар оны іздей бастады. Іздеуге шыққандар орманнан Фариданың заттарын тапқан, көп ұзамай тойып жатқан питонға жолыққан.
Питонның іші жарылғанда Фариданың денесі шыққан. Ауыл басшысының айтуынша, питон әйелді жұтпас бұрын оны шағып, тұншықтырып өлтірген.
«Мен оны жалғыз жібергенім үшін өзімді ешқашан кешірмеймін», - деді Фариданың күйеуі Нони.
Питондар негізінен ұсақ жануарлармен, құстармен қоректенеді. Алайда, Индонезияда адамдар да олардың құрбанына айналады. 2023 жылы Сулавесидің оңтүстік-шығысында сегіз метрлік питон фермерді жұтып қойған. Сол сияқты 2018 жылы сол провинцияда 54 жастағы әйел жеті метрлік питонның асқазанынан табылды. Ал 2017 жылы ер адам Батыс Сулавесидегі пальма майы плантациясында төрт метрлік питонның құрбаны болды.